М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ.
Сайқын ауылы М.Мәметова атындағы орта мектепте Елбасы, партия лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Елдіктің жеті тірегі» қағидаттарын түсіндіру бойынша аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, аудандық мәслихат депутататтары, аудандық мәслихат хатшысы Л.Қайырғалиева, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құрмашев және "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалы директоры Б.Джумагулова мектеп ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында АТТ мүшелері «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы, партияның сайлауалды бағдарламасының биылғы жылға орындалу барысы мен таныстырды.
