МӨЛДІР БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ ЖЕРЛЕСТЕРІНІҢ ОРТАСЫНДА
«Nur Otan» партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне үміткер жерлесіміз, әнші, әлемдік байқаулардың жеңімпазы Мөлдір Бақытжанқызы бүгін Шардараға арнайы ат басын бұрды. Мөлдір осы сапары барысында «Экспромт-кездесу» шарасы бойынша тұрғындармен кездесіп, дидарласты. Үміткер өзі жолыққан жандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Осындай кездесулер барысында партияның бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өткен үміткер оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
