МӨЛДІР БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ – ШАРДАРАДА
«Nur Otan» партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне үміткер жерлесіміз, әнші, әлемдік байқаулардың жеңімпазы Мөлдір Бақытжанқызы бүгін Шардараға тағы да арнайы ат басын бұрды. Мөлдір осы сапары барысында «Канвассинг» шарасы бойынша тұрғындармен кездесіп, дидарласты. Үміткер өзі барған әрбір шаңырақ иесін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Осындай кездесулер барысында партияның бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өткен үміткер оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
