Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ» АТТЫ ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

Ағымдағы жылдың 17 маусым күні Лабасы ауылдық округіне қарасты Көксу су бөгетінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында, жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру және туған өлкені қадірлеу мақсатында «Мәңгілік елдің тарихи ескерткіштері» атты танымдық саяхат ұйымдастырды. Саяхатқа Лабасы округіне қарасты Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар мектебінің оқушылары, ерікті жастар және ұстаздар қатысты. Іс-шара барысында Мәмбет ауылдық кітапханасының кітапханашысы Бүрлібаева Гүлсара Қабыкейқызы туған өлкенің тарихи және көрікті жерлерімен қатар, тастағы көне жазулар петроглифтер жайлы ақпарат бере отырып, осындай біздің өлкеміздегі мәдени мұраларымызды сақтап қалу, және келешек ұрпақтардың санасыңа сіңіру, жас ұрпақтың парызы деп атап өтті.

#ұлттықмұра

0
0
347

Еще по теме

«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ» АТТЫ ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ - Yvision.kz