«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ» МӘҢГІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ».
15-ші желтоқсанда Шымкентте Тәуелсіздіктің 25 жылдығының аясында «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясына арналған іс-шаралар өтті.
Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен «Түркістан» салтанат сарайында симфониялық музыка кеші өтті. Алматы қаласының эстрадалық-симфониялық оркестрі және Оңтүстік Қазақстандық музыканттар екі сағаттан аса Шымкенттік музыка сүюші қауымды қуантты. Жер-жерде қаланың ішінде салтанатты жиналыстар өтті, еңбегі сіңген қызметкерлер марапатталды, қорытындылар жасалып, болашақ жоспарлар құрылды. Сонымен қатар, Шымкентте 16-17 желтоқсандық салтанаттарға соңғы дайындықтар жүргізілді. Бұл күндері барлық зейнеткерлер қоғамдық көлік қызметтерін ақысыз пайдалана алады. Қала тұрғындарына мұндай сыйлықты «Южавтотранс» қауымдастығы табыстады.
