МҮГЕДЕКТЕРГЕ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АЯСЫНДА 2 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
Оның біріншісі – психоневрологиялық ауытқушылығы бар балаларға жартылай стационарлық үлгіде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызмет. Жыл басынан бері 80 бала қабылданды.
Екіншісі – мүгедектерге «ИнваТакси» қызметін ұйымдастыру. Жыл басынан бері 40 адамға қызмет көрсетілді (барлығы 3600 тапсырыс).
Оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде техникалық оңалту құралдарымен 8 699 мүмкіндігі шектеулі адам қамтамасыз етілді.
____
БИЫЛ ПИЛОТТЫҚ ЖОБА РЕТІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ (ӘҚП) ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Биыл пилоттық жоба ретінде әлеуметтік қызметтер порталы (ӘҚП) іске қосылды. Жыл басында жаңа жүйе арқылы техникалық оңалту құралдарымен 1 761 адамды қамтамасыз ету жоспарланды.Оның ішінде 1 507 адам портал арқылы тапсырыс беріп, оның 99 пайызына төлем жүргізілді. Жыл соңына дейін бұл жоспар 100 пайызға орындалады.
Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (ӘҚП) іске толық қосылады. Аталған портал мүмкіндігі шектеулі адамдарға 52 түрлі техникалық оңалту құралдары мен 3 түрлі қызметті таңдауға мүмкіндік береді.
