Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МҮГЕДЕК АДАМДАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЕСКЕРІЛЕДІ

«Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады.

Бүгін аудандық штабта мүгедек жандармен өткен жиында облыстық мәлихат депутаттығына үміткерлер А.Салимов және Б.Шағырбаев Партия мүгедектігі бар балаларға арналған орталықтарының санын арттыру мәселесін юардарламаға сәйкес қолға алатынын айтты.

Барлық колледждер мен ЖОО-да, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің 70%-де инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалады.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық және коррекциялық қолдау бойынша мемлекеттік тапсырыс енгізіледі. Мүгедектігі бар, асыраушысынан айырылған балалар – мүгедектігі және асыраушысынан айырылғаны бойынша екі жәрдемақыны бір уақытта алады. Жетім жасөспірімдер балалар үйінен шығарылғаннан кейін жұмыспен және үймен қамтамасыз етіледі.

«Nur Otan» партиясы: Мүгедек адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, дербес, онлайн режимінде қолдау, компенсаторлық және әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге; балаларды инклюзивті біліммен қамтуды 80%-ға дейін арттыруға; «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қысқа мерзімді кәсіптік оқу курсына 2020 жылы 475 адамды оқыту, 2025 жылға дейін 2250 адамды оқытуға; 2025 жылға дейін жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған қысқа мерзімді кәсіптік оқумен «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқуды аяқтаған 750-ге жуық азаматтарға мемлекеттік гранттар алуына жағдай жасауға (мал шаруашылығына, балық, құс өсіруге, кәсібін кеңейтуге); ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді көліктік ортамен қамтамасыз ету мақсатында темір жол вокзалы мен автовокзал және 3 автобекеттің ғимараттарында пандустар орнатылып, мүгедектерге арналған арнайы бөлмелер ашуға; әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге ықпал етеді; Халықты әлеуметтік қорғау шеңберінде «Қамқорлық» бағдарламасы мен «Біз біргеміз» акциясы арқылы халықтың осал топтарына демеушілер есебінен азық-түлікпен, қажетті тұрмыстық жабдықтармен көмектесуді жалғастырады.

Нәтижесінде егде және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүруі жақсарып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға кедергісіз орта орнайды, инклюзивті білім алуға мұқтаж балалар 80% қамтылады.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
131

Еще по теме

МҮГЕДЕК АДАМДАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЕСКЕРІЛЕДІ - Yvision.kz