Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МӘДЕНИЕТ, СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі Төлеби аудандық штабының мүшелері Б.Оралбеков, Т.Орынбасаров, Б.Өмірәлі және Г.Алдабергенова мәдениет және спорт саласының қызметкерлерімен кездесті.

Аудандық мәслихат депутаты Б.Өмірәлі жиында кандидаттың сайлауалды бағдарламасын насихаттап, ондағы басым бағыттар бойынша мәлімет беріп, сайлау жүйесіндегі өзгерістерді баяндап, алдағы уақытта елімізде әлеуметтік саланың дамуына басымдық берілетіндігін жеткізді.

Кездесуде ауданның төбе биі Т.Орынбасаров: сайлауалды бағдарламаға сәйкес жүзеге асатын жұмыстармен оның ішінде мәдениет саласына қатысты жобаларға назар аударылатынын, сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына сәйкес мәдениет қызметкерлері, кітапханашылар, көлік жүргізушілердің жалақысы 2022-2025 жылдар аралығында 20 пайызға арттыру тапсырылғандығын да айтып өтті.

Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Оралбеков: Қ.Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін" атты сайлауалды бағдарламасында келешек ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіру жұмыстарын атқару мәселесі қамтылғанын, ол үшін мәдениет және өнер саласының қызметкерлерінің атқаратын рөлі ерекше екендігін, сондықтан алдағы жылдары еңбегіне адал қызметшілердің мәртебесін көтеріп, табысын молайту жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Кездесу соңында штаб мүшелері сала қызметкерлеріне жауапты сәттен тыс қалмай, саяси науқанда азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.

#TOQAEV2022

0
0
158

Еще по теме

МӘДЕНИЕТ, СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ - Yvision.kz