«МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» ТӨСБЕЛГІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Мұнайшы» МҮ-нің директоры Дәмелі Қожаназарқызы Утебаева еліміздің мәдениет саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Осы орайда, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі атынан әріптесімізді бүгінгі марапатымен құттықтап, қаламыздың мәдениет саласында қажымай еңбек ете беруін тілейміз. Өнер майталманының бұл жетістігі біз үшін, барша Жаңаөзендіктер үшін үлкен мақтаныш.
