МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін үміткер Р.Шымырбаева аудандық орталықтандылылған кітапханада мәдениет және тілдерді дамыту саласының өкілдерімен партияның сайлауалды бағдарламасындағы 7 басым бағыттармен таныстырды.
МӘДЕНИЕТІ МЕН ТАРИХЫ БАЙ АУДАН
Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. «Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды. Бүгінде Түлкібас ауданында 29-дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүруде, оның 80,8%-ы қазақ, 4,6%-ы өзбек, 5,1%-ы орыс және 9,4%-ы басқа ұлт өкілдері.
Бейбітшілік пен келісімді қолдау үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай келесідей міндеттерді қояды:
партияның «Бақытты отбасы» жобасын іске асыруға қатысу. Отбасының рөлін арттыратын және отбасылық құндылықтарды нығайтатын түрлі акциялар мен спорттық шаралар өткізу;
ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын сақтауды, оның ішінде тақырыптық шаралар арқылы Қазақстан халқының бірлігі күнін жалғастыру;
«Берекелі шаңырақ» жастар жобасы аясында аналар кеңестерінің жұмысына жағдай жасау;
ел бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумының жұмысын жалғастыру;
бірлікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту үшін этномәдени және діни бірлестіктерді белсенді түрде қолдау;
аудан аумағында орналасқан тарихи, киелі орындарды дәріптеуге;
ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға және мәдени кодын сақтауға, оның ішінде такырыптық 300 іс-шаралар өткізуге;
азаматтық қоғамның дамуына және азаматтық белсенділіктің іске асырылуына ықпал ету.
Қабылданған шаралар бірліктің, саяси тұрақтылық пен рухани келісімнің одан әрі дамуына ықпал етеді. Аудан тұрғындары ауданның қоғамдық-әлеуметтік өміріне белсенді қатысады. Жобаларды іске асыру – маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Нәтижесінде мәдени және рухани құндылықтарды сақтау туралы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айтылған ойлар жүзеге асады.
Мәдениет саласының мамандары NUR OTAN-ға қолдау білдіретіндіктерін айтты.
