Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ

«Nur Otan» партиясы атынан іріктелген кандидаттар ауданның 71 елді мекені мен ұжымдарды аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгін кезекті кездесуді Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жомарт Абдибаев ауданның мәдениет саласының қызметкерлерімен өткізді.

Кездесуде партиялық үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаның бармақтарын түсіндіріп, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайтынын жеткізді. Партия осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады. Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, табиғи газға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.

Өмір сүру сапасын арттыру үшін, ауданда 4694 адам тұрғын үй кезегінде тұрады. Сарыағаш қаласында 5 көпқабатты 11 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. «Nur Otan» партиясы тұрғын үй қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін: 2021 жылы жалпы ауданы 45,72 мың шаршы метр тұрғын үй салуды, 2025 жылға дейін инвестицияларды тарту арқылы Сарыағаш қаласы «Самал» мөлтекауданына жалпы алаңы 398 гектар, Ақжар ауылдық округіне 25 гектар, Дербісек ауылдық округіне 110 гектар жер теліміне тұрғын үй салуға; Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округіне электр бағаналары мен трансформаторды ауыстыру мәселесінеықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай тұрғын үй деңгейі әр тұрғынға шаққанда 19,1 м2 жетіп, тұрғын үймен 1,5 мың отбасы қамтамасыз етілетінін айтты.

Ж.Абдибаев, мәдениет саласы мамандарының ұсыныс-пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына қолдау білдіріп, дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
258

Еще по теме

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ - Yvision.kz