МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА ҚОМАҚТЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛАДЫ
Облыстық сайлауалды штаб мүшелері аудандық мәдениет қызметкерлерімен «ZOOM» платформасы арқылы онлайн байланыста бас қосты.
Кандидаттар "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, өңір мен аудандарды дамыту бағытындағы міндеттері мен мақсаттары, басты басым бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып өтті. Парасатты және зияткер қоғам, тарихымыз бен мәдениетімізді дамыту жолындағы жұмыстарға тоқталды.
Партия мәдени құндылықтарымыздың сақталуы мен өркендеуін ұдайы қолдайды. 2025 жылға дейін республика көлемінде партия 1500 мәдениет нысанын салып, жөндеу жүргізеді. Барлық мәдени іс-шаралар, театр маусымдары, кітапхана қорлары, мұражайлар мен көрмелер туралы бірыңғай электронды платформа құрылады.
"Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!"📷
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!📷
Мен "Nur Otan" партиясын таңдаймын!📷
"Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын!📷
Nur Otan
Nur Otan Маңғыстау облысы
#NurOtan
#Bizbirgemiz
#Zhenimpazbol
#Қиындықтыеңсеріпжеңіскебіргежетеміз
