МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Облыстық сайлауалды штаб мүшелерімен бірге аудандық мәдениет қызметкерлерімен «ZOOM» платформасы арқылы онлайн байланысқа қосылдық.
«Nur Otan»-ның "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, өңір мен аудандарды дамыту бағытындағы міндеттері мен мақсаттары, басты басым бағыттары туралы егжей-тегжейлі түсіндірдік. Парасатты және зияткер қоғам құру, тарихымыз бен мәдениетімізді дамыту жолындағы жұмыстарға тоқталдық.
Партия мәдени құндылықтарымыздың сақталуы мен өркендеуін ұдайы қолдайды. 2025 жылға дейін республика көлемінде партия 1500 мәдениет нысанын салып, жөндеу жүргізеді. Барлық мәдени іс-шаралар, театр маусымдары, кітапхана қорлары, мұражайлар мен көрмелер туралы бірыңғай электронды платформа құрылады.
Елубай Абилов
