Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МӘДЕНИЕТ ҰЛТТЫҢ МӘЙЕГІ

Мәдениет – ұлттың қуаты, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы, ақыл-ой, парасаты.Дана халқымыз: «Өнер – ұлттың жаны» деп бекер түстемесе керек. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады. Әрине, өнерді құр­меттеп, мәдениетті өркендету – бар­шамыздың ортақ мақсатымыз. Мәдениет пен өнердің дамуы үшін әр аудан, ауыл мен елді-мекендерде мұражайлар мен кітапханалардың, театр­лар мен суретшілер сарайы, мәдениет үй­лері мен ауылдық клубтар, шығармашылық орталардың болуы заңдылық.

Бөкей ордасы ауданы тұңғыштардың мекені саналатын қасиетті де, киелі мекен. Хан Бөкей іргетасын қалаған құм Нарыннан елге танымал ғалымда, ақында, күйшіде шықты. Тарихи нысандарға да бай өлке.

Ауданда соңғы жылдары мәдениет саласында іргелі істер атқарылып келеді. Мәдениет үйлер мен клубтар, кітапханалар жөндеу өткізілуде. Жаңадан бой көтеретіндері де баршылық. Солардың бірі - "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасында орын тепкен Хан ордасы ауылындағы визит орталық пен әкімшілік ғимараты. Жобаның құны: 413,5 млн тг. Нысанның құрылысы қазіргі күні басталып кетті. Іргетасы құйылып, қабырғасы қалануда. Жоба Қарашығанақ петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) компаниясының әлеуметтік міндеттемелері негізінде жүзеге асырылуда. Алдағы аталмыш нысандар ауданға келетін туристердің санының артуына сеп болмақ.

Қазақ халқы "мәдениеті өскен ел – өркениетке көшкен ел", - дейді. Мәдениетсіз қоғам жоқ, мәдениет-адамдықтың өлшемі. Тұтастай мәдениет саласына қолдау білдіру – халықты рухани байытудың бірден-бір жолы. Бұл туралы халықтық коалиция атынан ұсынылған кандидат "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым" атты сайлауалды бағдарламасында да назардан қалдырған жоқ. Айтар болсақ,

• Мемлекеттік тілдің одан әрі дамуын және күнделікті өмірдегі қолданысын ынталандыратын боламыз.

• Тілдік негіздегі кемсітушіліктің кез келген түріне қатаң түрде қарсы тұрамыз.

• «Бірлігіміз – әралуандықта» әмбебап қағидаты бойынша этносаралық бірлік пен конфессияаралық келісімді нығайту саясатын жалғастырамыз.

• Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының нысандарын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынамыз.

• Қазақстанды халықаралық аренада бірегей ұлттық мәдениет пен бейбітшілік, төзімділік, келісім мен ізгілік елі ретінде ілгерілететін боламыз, деді.

Қайсыбір халықтың тарихына көз жүгіртіп қарар болсақ, ең алдымен тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарына үңілетініміз анық. Осындай мемлекеттік қолдау болса, бабалардың біздерге мирас етіп қалдырған рухани бай мұрасы мен құндылықтарың жас өскелен ұрпақтарға насихаттап, мәдениет ұлттың мәйегі екенің дәлелдеп, елдік рухани мүддемізді әлемдік деңгейде жаңғыра бермек.

#Toqaev2022

0
0
289

Еще по теме

МӘДЕНИЕТ ҰЛТТЫҢ МӘЙЕГІ - Yvision.kz