МҰҒАЛЖАРДА 9 ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Мұғалжар аудандық филиалының төрағасы Шериязданов Асқар Тұрарұлының төрағалық етуімен Саяси Кеңес Бюросының отырысы өтті. Отырыста үш мәселе қаралды. Партияның аудандық филиалының XXVІІ есеп беру сайлау конференциясын шақыру, күн тәртібін бекіту туралы және партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын бекіту туралы партияның Мұғалжар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Саяси Кеңес Бюросының мүшесі Бектұрғанов Көмекбай Қуантайұлы хабарлама жасады. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бастауыш партия ұйымдарының есептік-сайлау жиналыстарын өткізу кестесін және жауаптыларды бекіту туралы партияның Мұғалжар аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Сатыбалдина Ғайнижамал Қолғанатқызы хабарлама жасады . Айта кету керек қоғамдық кеңес мүшелері өз саласын шебер меңгерген мамандар. Қоғамдық кеңес Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасының талаптарына сай құрылды. Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын қадағалау.


