Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ

Үкімет отырысындағы министр Ерлан Сагадиевтің сөйлеген сөзінен үзінді (1:04 – 1:16 минутта). Мұғалімдердің өзекті мәселелерін талқылау жүріп жатыр.

 

“Сонымен қатар, министрлік жүйелі шешім қабылдауды қажет ететін, ұстаздар үшін өте маңызды мәселерді жан-жақты қарастырып, талқылап жатыр.

 

Басты назарда – мұғалімдердің жүктемесін азайту. Мұғалімдер мен оқушылардың апталық оқу жүктемелерін азайту және жаңа оқу жоспарлары бойынша ұстаздар мен ата-аналар тарапынан түсіп жатқан ұсыныстар белсенді талқылануда. Осы мәселелер бойынша жыл соңына дейін бір шешімге келеміз деген үміттеміз.

 

Екінші мәселе – ұстаздар еңбегіне айтарлықтай жүктеме қосатын қағазбастылық – көптеген есеп беру толастамай отыр. Әкімшіліктер жанында құрылып, жұмыс істеп жатқан комиссиялар саны 13-тен 20-ға дейін жетеді. Мысалы, Жемқорлықпен күрес комиссиясы, кәмелетке толмағандар, әйелдер, жастар істері жөніндегі комиссиялар, құқық бұзушылықпен күрес комиссиясы және т.б.

 

Солардың бәрі де мектептерден қағаз жүзінде түрлі ақпараттар жинауды талап етеді. Осы комиссияларға қажетті мәліметтердің бәрін бүгіннің өзінде бір ақпарат көзінен – біздің Ұлттық білім беру деректер қорынан (ҰБДҚ/НОБД) алу мүмкіндігі бар. Сондықтан, Бақытжан Әбдірұлы, Сіздің тарапыңыздан мектептерден ҰБДҚ-ға енгізілген ақпарат сұратуға тыйым салатын тапсырма берілуін сұраймыз.

 

Келесі мәселе – мұғалімдер үшін ешбір жеңілдіктердің қарастырылмауы. Бақытжан Әбдірұлы, біз әскери қызметкерлерге берілген жеңілдік үлгісімен, мұғалімдер мен тәрбиешілердің балаларын балабақшаларға орналастыру бойынша жеңілдік қарастырылуы туралы, өзге де әлеуметтік көмек және жеңілдік енгізуге ұсыныс жасаймыз. Балабақшалар желісі едәуір кеңейді, сондықтан мұндай норманы енгізу мүмкіндігі бар. Сізден осындай өзгерістерді бастауға рұқсат сұраймыз.”

 

В ЭФИРЕ: ОБСУЖДЕНИЕ НАИБОЛЕЕ АКТУАЛЬНЫХ ПРОБЛЕМ УЧИТЕЛЕЙ

Представляем вашему вниманию отрывок из выступления министра Ерлана Сагадиева на заседании правительства (смотрите фрагмент с 1:04 – 1:16). Идет обсуждение актуальных проблем учителей.

 

“Параллельно Министерство вплотную обсуждает наиболее актуальные проблемы учителей, которые требуют системного решения.

 

В первую очередь – это снижение учебной нагрузки учителей. Предложения учителей, родительских комитетов по снижению нагрузки на учителя и ребенка, новые учебные планы сейчас активно обсуждаются. Мы надеемся до конца года прийти к окончательному решению.

 

Второе – сохраняется загруженность педагогов различными бумажными отчетами. Вот смотрите, при акиматах функционируют от 13 до 20 комиссий. Например, Комиссия по борьбе с коррупцией, Комиссии по делам несовершеннолетних, по делам женщин, по молодежи, по правонарушениям и т.д.

 

И все они требуют информации от школ в письменном виде. Наша Национальная образовательная база данных НОБД уже сегодня позволяет все брать в одном месте. Поэтому, Бакытжан Абдирович, мы просим Вашего поручения полностью запретить запрашивать информацию у школ, если она есть в НОБД.

 

Следующей проблемой остается отсутствие льгот для учителей. Бакытжан Абдирович, мы вносим предложение – предоставить учителям и воспитателям льготы по устройству их детей в детские сады по аналогии с льготами для военных. Сеть детских садов растет, поэтому такую норму можно ввести. Просим Вашего разрешения инициировать такие изменения.”

 

Смотрите выступление по ссылке: https://www.youtube.com/watch?v=2wZFr3kqBWA

 
0
0
871

Еще по теме

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ - Yvision.kz