Ұлытау облысында мал іздеп жоғалған адам аман-есен табылды
Жандос Садықов, Дәурен Жәкенов, Алдияр Смайлов, Маргурлан Үмбетжан, Берікхан Сағат, Бекзат Қарабаев, Айбат Бақтыбай - Жаңаарқа ауданы ТЖБ және №6 ӨСБ қызметкерлері.

14 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Байдалы би ауылында ер адам мал іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен.
15 ақпан түнгі сағат 03:00-де Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері Жаңаарқа ауданы Атасу ауылынан 25 шақырым жерде жоғалған ер адамды аман-есен тапты.