ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ: СОЗАҚТА АУДАНДЫҚ ЖАРЫСТАР БАСТАЛДЫ.
Н.Төреқұлов атындағы IT мектеп-лицейінде Түркістан облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің пәрменімен бастау алған "Ұлттық мектеп лигасы" аясындағы оқушылардың аудандық кезеңінің салтанатты ашылуы өтті. Болашақ жастардың дені сау ұлт қалыптастыруы — үлкен басымдыққа ие бағыт. Сондықтан жастардың бұқаралық спортқа бет бұруына мән беру — үлкен саяси шешім болып табылады. Өз кезегінде жас спортшылардың жеңіс жолындағы бастамаларына біздер де сәттілік тіледік.
