Перейти к содержимому

ҰЛТТЫҚ МҰРА

«AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Үлкеншыған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Домбыра – дастан» Домбыра үйірмесінің мүшелерінің қатысуымен 1- шілде Домбыра күніне орай, «Домбыраның ғажап үні» атты ашық аспан астында open - air өтті. Домбыра - қазақ қазақ болғалы бірге жасасып келе жатқан музыкалық аспап. Ықылым заманнан бері қазақ халқы өзінің қуанышын, қайғысын, үлкен-үлкен маңызды тарихи оқиғаларын осы домбыраның үнімен жеткізіп келді. Домбыраның үнін естігенде елеңдемейтін қазақ жоқ. Домбыраның қоңыр үні қазақпен бірге келе жатқан қасиет. Бұл аспаптың адамды баурап алатын ерекше ғажап үні бар. Сондықтан да қазақтың қоңыр үнді домбыра деуі де тегін емес. Ал Ұлттық домбыра күні Елбасымыздың тікелей қолдауымен аталып өтіліп, дәстүрге айналған мереке .

#Ұлттықмұра

0
0
167

Еще по теме

ҰЛТТЫҚ МҰРА - Yvision.kz