Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ЖАУЫНГЕРЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ТЕРЕҢ МЕНГЕРЕДІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сәйкес Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінің офицерлері мен келісім шарт бойынша әскери қызметшілері,  әр жыл сайын мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің  бағасын анықтау мақсатында қазақ тілінен КАЗТЕСТ тапсырады.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деп атап көрсеткен болатын. Осындай шараға ағымдағы жылдың қазан айы бойы бөлімнің әскери қызметшілері бір кісідей ат салысып, және де осы мемлекеттік бағдарламаға қызығушылықтары арта түскенін көргенде, көңіліңе қуаныш ұялайтыны  жасырын емес. Тілге тиек болып отырған осы КАЗТЕСТТІ  тапсыру кезінде бөліміміздің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі әскери қызметшілерінің бойларынан мемлекеттік тілге деген құрметтері жоғары екені байқалып тұрды. Бұл дегенің еліміздің болашағы жас сарбаздарымызды тәрбиелеуде батыр атамыз Бауыржан Момышұлының  «Тілі қадірлі ұлттың тірегі мықты, жүрегі рухты, намысы жоғары болады» деп айтқан сөздерін іс жүзінде орындап, әр сарбаздың  санасына сіңіріп, ұлтына деген патриоттық сезімін күшейтіп, жүректерін рухтандырып жүрген адал еңбектің нақтылы көрінісі емеспе. Бөлімде күнделікті жауынгерлік қызметте  әскери қызметшілер пәрмендерді мемлкеттік тілде береді, бұған жоғарғы басшылықтардың қазақ тіліне оң қабақпен қарап нақтылы талап қойуының себебі арқасында мемлекеттік тіліміз күнен күнге жаңғыруда.

       

№5511 ҚР Ұлттық Ұлан  әскери бөлімі

 
2
0
1249

Еще по теме