Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯМЫЗДЫҢ ҚУАТТЫ ҚҰРАЛЫ — ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ

Темірхан ТЕБЕГЕНОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі:

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (бұрынғы ҚазПИ) – мемлекетіміздегі ең тұңғыш ашылған (1928 ж.) жоғары оқу орны. Университет Қазақстандағы оқу ағарту саласы үшін 86 жыл бойы жоғары білімді мұғалімдер даярлаудың іргелі орталығы болып келеді. Университеттің ашылуынан бастап осы күнге дейін үздіксіз жұмыс жүргізіп келе жатқан қазақ әдебиеті кафедрасының да өзіндік тарихи қалыптасу, даму жолдары бар. Университеттегі қазақ әдебиеті пәніне арналған сабақтар 1926 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институ­тының негізінде құрылған осы оқу орнының ашылған күндерінен бастап оқытылады. Ұлттық сөз өнерін құрайтын фольклор мен әдебиет мұраларының пәндер жүйесімен оқытылуы әуелгі жылдары «Қазақ тілі және әдебиеті», одан кейін орыс әдебиеті кафедраларының құрамында болады. 1937 жылы қазақ әдебиеті кафедрасы дербес шығармашылық ұжым болып құрылады. Алғашқы меңгерушісі – Мұхамеджан Қаратаев, одан кейін кафедраға әр жылдары көрнекті әдебиетші ғалым-ұстаздар Қажым Жұмалиев, Мәлік Ғабдуллин, Серік Қирабаев, Нығмет Ғабдуллин жетекшілік еткен.

Университеттегі (қазіргі ректор – академик Серік Жайлауұлы Пірәлиев) қазақ әдебиеті кафедрасы – ұлттық сөз өнері мұраларын оқыту мен зерттеу жұмыс­тары­мен кешенді түрде айналысатын Қазақ­стандағы ғылыми-шығармашылық негізгі бас орталық. Қазақ фольклоры мен әдебиетін ғылыми-теориялық тұрғыда оқыту және зерттеу жұмыстарының жан-жақты қамтыла қарастырылуында осы кафедрада ұлттық мәдениетіміздің көрнекті қайраткерлері еңбек етті. Кафедраның қалыптасу, даму тарихында еңбек еткен ұстаздардың әрқайсысының шығармашылық, ұстаздық жұмыстары тұтаса келе, университеттің қазақ мәдениетін өркендетуі жолындағы ортақ дамуға үлесі болып қосылды. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
665

Еще по теме

ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯМЫЗДЫҢ ҚУАТТЫ ҚҰРАЛЫ — ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ - Yvision.kz