Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Лидеры общественного мнения "Голосуй за "Nur Otan"

Өнерім - менің өмірім! Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі - мәдениеті. Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл -ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады. Біздің Жақсы ауданының да өнерге қосар үлесі аз емес. Өнерлі жастарымен әнші, бишілерімен көпке танылып жүр. Мен өзім де өнерден құр алақан емеспін. Өнерім - менің өмірім! Өнерімді шыңдау үшін музыкалық жоғары білімді алғаннан кейін, бар күшімді шәкірт тәрбиелеуге жұмсап жатырмын. Он жылдан астам уақыт Жақсы ауданының білім беру бөлімінің жанындағы "Балалар музыка мектебі" КММ-де үрмелі аспаптар және фортепиано класының оқытушысы қызметін атқарып келемін.Осы уақыт ішінде әріптестеріммен бірге көптеген шәкірттерді дайындап, қаншама биік белестерді бағындырдық! Менің шәкірттерім Жақсы ауданының даңқын аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда асырып, көптеген жүлделі орындарға ие болып жүр. Өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесім және өнерім үшін көптеген мадақтамалар мен алғыс хаттармен марапатталдым. Осының барлығы бейбіт күннің және тәуелсіздігіміздің арқасы. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болу үшін, ар азаматтың әл-ауқатын жақсарту үшін "Nur Otan"-мен бірге болайық! 10 -қаңтарда өтетін сайлауда баршаңызды "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын! Балалар музыка мектебінің оқытушысы Жандос Альфидович Жаманов

Еще по теме

Лидеры общественного мнения "Голосуй за "Nur Otan" - Yvision.kz