Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

#ЛицаКазахтелекома — Анаркул Тулегенова

Героиня сегодняшней нашей рубрики #ЛицаКазахтелекома — Анаркул Тулегенова, инженер электросвязи первой категории сектора эксплуатации Жамбылского ТУМС ЮРДТ с 35-летним стажем.

Родилась Анаркуль в Кармакчинском районе Кызылординской области. Заочно окончила Алматинский энергетический институт, хотя первым образованием был Ленинский электротехникум связи. После его окончания в 1985 году, наша героиня начала свою трудовую деятельность электромехаником в Жамбылской телефонно-телеграфной станции. Анаркуль — человек по-настоящему увлеченный работой. Она часто вспоминает, как искала по схемам и устраняла повреждения на коммутационном оборудовании аналоговых АТС, паяла и работала c таблицами ЦАТС.

Сегодня Анаркуль работает в секторе эксплуатации, задача которого сопровождение бесперебойной работы сети телекоммуникации по Жамбылской области. Разработка технических условий, инвентаризация, прием и передача оборудования и многое другое — все на хрупких плечах нашей героини.

«Обычно к нам обращаются по вопросам технической возможности подключения услуг телекоммуникаций. Мы ответственны за то, чтобы сеть работала без перебоев и остановок», — рассказывает Анаркуль.

Всю жизнь Анаркуль ставила работу на первое место. Но теперь все свое свободное время она старается уделять семье и с удовольствием проводит время с внучками. Будет рада, если они пойдут по ее профессиональным стопам. Ведь никто кроме связистов не сможет наладить столь необходимую в современном обществе связь!

___________________________________________

#ҚазақтелекомТұлғалары айдарының бүгінгі қонағы — Оңтүстік ӨТД Жамбыл МЖАУ пайдалану секторының бірінші санаттағы электр байланысы инженері, 35 жылдық тәжірибесі бар Анаркүл Төлегенова.

Анаркүл Қызылорда облысының Қармақшы ауданының тумасы. Алғаш Ленин атындағы электр байланысы техникумын бітіріп, кейіннен Алматы энергетика институтында сырттай оқыды. 1985 жылы оқуды бітірген ол Жамбыл телефон-телеграф станциясының электромеханигі ретінде еңбек жолын бастады. Анаркүл — нағыз еңбектің адамы. Кезінде баламалы АТС коммутациялық қондырғысының ақауын іздеп тауып, қалай ретке келтіргенін, ОАТС кестелерімен қалай жұмыс істегенін әлі күнге айтып жүреді.

Бүгінде Анаркүл бүкіл Жамбыл облысындағы телекоммуникация желісінің ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайдалану секторында еңбек етіп келеді. Техникалық шарттар, инвентарлау, қондырғыларды қабылдау, тапсыру сияқты мол жұмысты кейіпкеріміз абыроймен атқарып келеді.

«Әдетте жұрт бізге телекоммуникация қызметін қосудың техникалық мүмкіншіліктері жайлы сұрақпен жүгінеді. Біз желінің ақаусыз, үздікіз жұмыс істеуіне тікелей жауаптымыз», — дейді Анаркүл.

Анаркүл бүкіл саналы ғұмырында жұмысты бірінші орынға қойып келді. Ал бүгінде немере сүйіп отырған ол бос уақытын көбірек отбасына бөледі. Немерелері әжесінің жолын қуғанын қалайтынын жасырмайды. Өйткені қазіргі заманның басты талабы саналатын байланыс саласы — байланысшылардың қолында!

0
0
212

Еще по теме