ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ
Қазан айының соңғы жексенбісі – әлеуметтік сала қызметкерлер күні.
Бүгінде елімізде ерекше қажеттіліг бар жандарды, қарт адамдарды қоғамға бейімдеу мәселесіне ерекше мән берілуде. Бұл істе әлеуметтік қызметкерлердің алатын орны ерекше. Әлеуметтік қызметкерлердің маман ретінде үлкендердің, ерекше жандардың тілін тауып жұмыстануда адамгершілік, мейірімділік, сыйластық және жауапкершілік қасиеттері маңызды. Сонымен қатар, атқаратын жұмыстары да әртүрлі болып келеді.
Кәсіби мерекеге орай әлеуметтік салада жақсы жұмыстарымен көзге түскен қызметкерлерді салтанатты түрде аудан әкімінің орынбасары Дамир Гумаров және бөлім басшысы Арайлым Тасенова құттықтап алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік қызметкерлері облыстық және аудандық кәсіподақ атынан құттықталды. Шара барысында қамқорланушылардың қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдарының көрмесі оздырылды.
Барша әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
