Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЕҢБЕК НАРЫҒЫ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТЕДІ!

ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Кентау қалалық Қоғамдық штабтың өкілдері Р.Жұмабаева, Б.Дәрібаева, А.Утепбаева, Қ.Бақберген, Т.Омаровтар ұстаздар қауымымен кездесті. Қатысушыларға кандидаттың сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. «Әлеуметтік мемлекеттік бағдарламалар еңбек нарығы мүмкіндіктерін кеңейтеді. Әлеуметтік төлем көлемін ұлғайтып, халықтың мұқтаж топтарын қолдаудың жаңа құралы енгізіледі. Жаңа білім мен өнімді еңбек арқылы әр азаматтың басты қажеттілігін қамтамасыз етуге және өмірін жақсартуға көмектесеміз» - деді штаб өкілі Қ.Бақберген. «Елімізде 6,5 миллион бала бар. Олардың бәріне тұрған жеріне және қай тілде оқитынына қарамастан, іргелі білім, цифрлық технология, жайлы білім инфрақұрылымы тең дәрежеде қолжетімді болуға тиіс. Әділетті Қазақстанды құрудың негізінде ағартушылық құндылықтар жатыр. Талантты, білімді, отансүйгіш ұрпақ неғұрлым көп болса, әл-ауқатымыз соғұрлым тез артады. Бұл істе педагогтеріміздің рөлі зор» - деген қалалық штаб өкілі Т.Омаров еліміздің алдағы 7 жылдағы дамуының жалпы жоспары жайлы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдарын жеткізді. Кездесу барысында Ататүрік атындағы №4 мектеп лицейінің ұстаздары кандидаттың сенім білдірген өкілдеріне өздерін толғандырған мәселелер туралы айтып, сұрақтарына жауап алды.

#Toqaev2022

Үгіт насихат құралдарымен https://toqaev2022.kz/kk сілтемесі арқылы танысуға болады.

0
0
155

Еще по теме

ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЕҢБЕК НАРЫҒЫ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТЕДІ! - Yvision.kz