ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ.
"AMANAT" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиал жанындағы Әлеуметтік мәселелер бағытындағы қоғамдық кеңес отырысы өтті. Отырыстың кеңес төрайымы Мұхамжарова Мәншүк Жүсіпқалиқызы кезекті еңбек демалысында болуына байланысты, кеңесті "AMANAT" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиал атқарушы хатшысы Құрмашев Исатай Рахметоллаұлы жүргізді.
Кеңес отырысының күн тәртібінде Бөкей ордасы аудандық аурухананың ана мен бала денсаулығы бағытындағы атқарған жұмыстарын аудандық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Белисанов Анарбек Бейбітұлы баяндады.
Қоғамдық кеңес отырысының қаулысы бекітіліп, хаттамалық тапсырмалар, берілді.
