Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУ МҮМКІНДІГІ

«Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы №217 қаулысымен бекітілген. Аталмыш қызметті ХҚКО-ы арқылы жүзеге асырылады.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмекті алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, келесі қажетті  құжаттарды тапсыру қажет. Ол үшін тұтынушы төмендегі құжаттарды орталыққа ұсынады.

1) Еркін нысанда өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат;

3) мекенжай анықтамасы;

4) Жұмыс орнынан анықтама;

5) Дербес шоты бар екенін растайтын құжат.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Атылмыш қызмет 10 жұмыс күні ішінде орындалады.

Толық ақпараттық мәліметтер мен қажетті құжаттар тізілімін электронды үкімет порталы арқылы немесе ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.

   

«ХҚКО» инспекторы

А.Нургаева

 
0
0
294

Еще по теме

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУ МҮМКІНДІГІ - Yvision.kz