ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАНҒАН АУДАН
Зейнеткер, ұлағатты ұстаз Тұрлыбекова Алтын, 1топ мүгедегі Рапбаев Бахыт,
зейнеткер Хафизова Умирниссоның отбасында болған үміткерлер Сарыағаш ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырған үміткер, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салу басты мақсат екенін айтты.
Медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділікті арттырамыз. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге; 240 төсек орындық перинаталды орталық емдеу нысанының құрылысына; ауысымына 500 келушіге арналған аудандық емхана нысанының құрылысына; 14 ауылдық елді мекеннен жеңіл конструкциялы модульді медициналық пункттердің құрылысына; жыл сайын 10-ға жуық жас маман дәрігерге бюджеттің есебінен 1 млн. теңге көтерме жәрдемақы төлеуге; 17 дәрігерлердің (1 жалпы тәжірибелі дәрігер, 2 окулист, 1 ЛОР, 1 эндокринолог, 1 кардиолог, 2 инфекционист, 1 уролог, 2 травматолог, 1 денешынықтыру дәрігер, 1 педиатр, 1 реаниматолог, 6 невропатолог, 1 дәрігер-лаборант, 1 клиникалық фармаколог) тапшылығын шешуге; жыл сайын 250 медициналық қызметкердің біліктілігін арттыруға; халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аула аралау жұмысы екі дүркін күшейтіліп, әрбір үйге, әрбір тұрғынға жеке-дара коронавирустық жұқпаның алдын алу шаралары, үйде болудың маңыздылығын жоғарғы деңгейде түсіндіруге; ауданда адамдарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақындату: ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелеріншешу, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту, сондай-ақ 0-1 сатыдағы қатерлі ісіктерді уақтылы анықтау жұмыстарына; ауданның орталық ауруханасына аумақтық емдеу мекемелерінің медицина қызметкерлері ауыл әкімшіліктерімен бірігіп, ауданның әрбір көшесін жаңғырық дауыспен коронавирустық жұқпаның алдын алу шараларын айтып түсіндіру жұмыстарын жүргізуге; тұрғындарды (жыл сайын 20 мыңнан астам адам) скринингтен уақтылы өткізуге ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылы аудан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 72-0а жасқа дейін артырылады.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
