ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАНҒАН ҚАЛА
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қаланы дамытудың 7 басым бағыттары негіз етіп айқындалған.
Атап айтар болсақ, «Экономикалық тұрақты аймақ», «Ыңғайлы аймақ», «Әлеуметтік қызметке бағдарланған аймақ», «Жастарға арналған аймақ», «Тарих пен мәдениетті дамыту», «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар», «Қауіпсіз аймақ».
Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер партияның басты басымдығы ретінде айқындалып отыр. Алдағы уақытта бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылатын болады.
Біз әлеуметтік желідегі алдыңғы жазбаларымызда «Экономикалық тұрақты аймақ» , «Жайлы қала» туралы айтып өттік. Бүгінгі жазбамыз «Әлеуметтік қызметке бағдарланған аймақ» басымдығына арналып отыр.
Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші.
Біз денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш саламыз.
