Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ – ӘРБІРІМІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ.

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ – ӘРБІРІМІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ

Біздің басты іс-қимыл, әрекетіміз – сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етуде болып отыр. Аудандағы «Nur Otan»-дықтар, олардың әрбірі тәуелсіз еліміздің кешегісі мен бүгінін және ертеңгісін қасиет тұту үшін, ата-баба дәстүріне адалдықты қамтамасыз ету мақсатында бойдағы барша асылдарымызды, ұлттық, халықтық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтауға белді бекем бууда. Басты міндет – қоғамның, оның әлеуетін арттыру үшін басты байлық – адам капиталын арттыруға ерекше көңіл бөлуде.

Бір айта кететін жағдай, аудандағы партия филиалы өз ұйымындағы партия мүшелерінің ой-пікірлері мен қажыр-қайратын, нақты істерге деген құлшыныстарын ортақ іске бағыттауды төл міндеті санайды. Бұл орайда қол жеткен табыстар жоқ емес. Біріншіден, біздің филиалдағы партия мүшелері өз қатарының сандық және сапалық тұрғыдағы өсуін тұрақты түрде қамтамасыз етуге әрқашанда назар аударуда. Сондықтан да қазірде біздің қатарымыздағы партия мүшелерінің саны күн санап артып келе жатқандығын атап айтуға тиіспіз. Бұл көрсеткіш біздің филиалдағы партияның әу бастағы сандық деңгейінен тиесілі тұрғыда ұдайы әрі тұрақты түрде өсу қарқынын айқын аңғартады. Екіншіден, партия мүшелерінің сандық және сапалық деңгейде өсуі жергілікті жерде тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жете білуге өз әсерін тигізуде. Елбасының, оның басты партиясы «Nur Otan»-ның уақыт алға қойған міндеттері мен тапсырмаларын орындау ісінде біздер тек өзімізге ғана иек артамыз. Жауапкершілік жүгін жақсы түсінеміз.

Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың ХХ съезде көтерген мәселелері жергілікті тұрғындар мен ел-жұрт ішінде кең қолдау тапты. Біздер қазірде сапалық тұрғыда экономикамызда, әлеуметтік салада, білім, денсаулық және мәдениет бағыттарында анағұрлым жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл рас. Оны мойындаған жөн. Және де бұны айтып отыру керек. Себебі, ертеңіміз бұдан да жарқын, айқын және келбетті де көрікті болу үшін бұның бәрін де үнемі есте тұтқан абзал. Салыстырып, салмақтап, таразылап байқау, бағамдау үшін қажет.

Партия көшбасшыларының отырысында көтерілген әрбір мәселе өзінің маңызы мен мәнін күн өткен сайын айқындай түсетініне сенімдімін. Рас, бүгінгі ұрпақ жақсы өмір сүруге қақылы. Олар соған лайықты да. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз өз ұрпағының лайықты да тамаша өмір сүруі үшін өткен тарих бедерінде аянбай тер төккені, жанын да, тәнін де саудаға салмағаны бесенеден белгілі.

Сол себепті аудандық партия филиалы, оның Саяси кеңесінің Бюросы, жер-жерлердегі бастауыш партия ұйымдары съезде айтылған әрбір мәселені өз жұмысында басты бағдаршам ретінде қолданып, оның жүзеге асуына білек сыбана кірісуде. Өйткені, біздің елімізде бейбіт өмір, тыныштық орныққан. Ал, бұл болса, өнімді де жемісті еңбек етуге жағдай жасалған деген сөз. Бұдан артық не қажет?! Біздер осы байлықты көздің қарашығындай сақтауға ниеттіміз де. Халқымыздың бойындағы басты қасиет те тыныш өмір сүру болып табылады. Әрине, бұндай тыныштық еселі еңбекпен, қажырлы тірлікпен қайталануы керек. Оның қайтарымы тек тынбай еңбек етуде деп ұғынамыз. Бұл қасиет те біздің халқымызға дарығандығына ешқашанда шек келтіре алмаймыз.

Біздер өз еліміздің бірлігі мен бейбіт өмір сүруі еліміздің, оның әлеуметінің әлеуеті әсерлі әрекеттерде ғана екендігіне нық сенімдіміз. Еліміздің абыройы мен беделінің уақыт өткен сайын артуы, өсуі жайдан-жай айтыла салған сөз емес. Жайдан-жай болған жоқ. Жиында айтылған әрбір сөз, алға қойылған әрбір жоспар – тағы бір рет әлеуметтің әлеуетін нақты істер арқылы жүзеге асырудың жарқын бір көрінісі болды десек, артық айтқандық емес. Бір қолдың бес саусағын бірінен соң бірін бүгіп санап, олардың әрбірінің атын атап, түсін түстесек, қоғамымызға, оның адамдарына деген шынайы қамқорлықты бағамдай аламыз.

АСАНОВ Бақыт Насырханұлы,

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы

0
0
166

Еще по теме

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ – ӘРБІРІМІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ. - Yvision.kz