Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮЛЕСКЕРЛЕР ҮМІТКЕРЛЕРДЕН ЕМЕС ҮКІМ ШЫҒАРУШЫЛАРДАН ҮМІТТЕНУЛЕРІ ТИІС

 

Кезкелген қиындықтан шығудың кемінде екі жолы болады десек, адам баласы алдымен оның оңай жолын іздейтіні анық. Әрине екіншісі біраз еңбектенуді талап ететіндіктен солай жасаймыз.

Астанада тұрғын үй құрылысын жүргізуші компаниялардан алданып қалған үлескерлер алдағы сайлау науқанын пайдаланып, Президенттікке үміткерлерден үміттеніп, көмек сұрап жатыр-мыс. Жоғарыда атап өткеніміздей үлескерлердің қиындықтан шығудың оңай жолын іздегені, жеңілдің үстімен жүргісі келетіндіктері айтпаса да түсінікті.

Жөн де шығар. Бірақ 2014 жылы берілуі тиіс тұрғын үйлерінің неліктен мерзімінде аяқталмағанына наразылық білдіргісі келсе сайлау науқанын күтудің қажеті қанша деп ойлайсыз.

Осыншама уақыт күткенше құқық қорғау орындарыне немесе жергілікті атқарушы органдар жүгініп мәселенің заңды жолмен шешілуіне қол жеткізуге болатын еді деген ойда қаласың.

Осы тұста тұрғындардың «құқықтық сауатсыздығынан» кеткен қателікті неліктен Президенттікке үміткерлер шешуі тиіс деген сұрақ келеді. Оның шешімі мынада. 2013 жылы Астанадағы 45 мыңнан аса үлескерлердің «проблемалық мәселелерін» шешуге Президент Нұрсұлтан Назарбаев араласып, 1 млрд АҚШ долларын бөлген болатын. Бақандай 5 жыл бойы әбден зерттелген осы «үлескерлердің мәселесін алдағы уақытта ешкім қайталамауы тиіс» деген де насихат жұмыстары да жүргізілді.

Алайда, «ауызы күйген үрлеп ішеді» дегенді қыстырмаған тұрғындар тағы бір былыққа батып, тағы алданды. Сөйтіп жабайылықпен алаңдарға шығуды әдетке айналдырды. Ондағы ойлары – сайлау алдында Президенттікке үміткерлерден немесе Үкіметтен үлестерін өндіріп алу.

Президентіміздің әлемдік дағдарыстың бізді айналып өтпейтіні  туралы күн сайын айтып жатқанын халық неге елемейді?

Дағдарыс ауыртпалығын 2016 жылы көбірек сезінетімізді ескерсек, құрылыс компанияларының да жағдайын түсінбеуге де амалымыз жоқ.

Меніңше үлескерлерге құрылыс нысанының аяқталуын сабырлықпен күтулері керек. Болмаған жағдайда құрылысқа салған қаражаттарын қайтарып алулары тиіс. Сіз не дейсіз?

 

2
2
526

Еще по теме

ҮЛЕСКЕРЛЕР ҮМІТКЕРЛЕРДЕН ЕМЕС ҮКІМ ШЫҒАРУШЫЛАРДАН ҮМІТТЕНУЛЕРІ ТИІС - Yvision.kz