Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӘЛЕМНІҢ БІРНЕШЕ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ «NUR OTAN»-ДЫҚТАРДЫҢ САПЫНА ҚОСЫЛДЫ

ӘЛЕМНІҢ БІРНЕШЕ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ «NUR OTAN»-ДЫҚТАРДЫҢ САПЫНА ҚОСЫЛДЫ

Спорттың ел денсаулығына оң әсерін тигізетінін жақсы білетін Елбасымыз өзінің жыл сайынғы жолдауларында салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты дамытуға, дене шынықтыру мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келді. Өйткені, спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Соның нәтижесінде еліміздің барлық ауылдары мен елді мекендерінде заман талабына сай зәулім спорт ғимараттары салынып, ірі халықаралық жарыстар өткізіле бастады.

Сондай мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, бос уақытын ұтымды ұйымдастыруының нәтижесінде спорттық мансабында үлкен жетістіктерге қол жеткізген мақтааралдық Махсуда Джаппароваға «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Досым Асабаев партиялық билетін табыс етті.

«Мен өзім де ауылдың қарапайым отбасынан шыққан қызбын. Елбасымыздың бізге жасаған осындай мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, бүгінде бірқатар спорттық жетістіктерге қол жеткіздім. Сол үшін де Тәуелсіз Қазақстанымыздың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа өз алғысымды білдіремін!

Біз, Мақтааралдық спортшылар Елбасымызбен біргеміз!» деді «Marlions» жауынгерлік клубының ММА тұжырымы бойынша халықаралық әмбебап жекпе-жектердің женімпазы, қыздар арасында ережесіз жекпе-жектен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Махсуда Джаппарова.

0
0
145

Еще по теме

ӘЛЕМНІҢ БІРНЕШЕ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ «NUR OTAN»-ДЫҚТАРДЫҢ САПЫНА ҚОСЫЛДЫ - Yvision.kz