ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ТҰЛҒА
Барша қазақ елін бүгінгі 1-желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтаймыз.
Еліміз егемендікке қол жеткізгелі бері небір асуларды бағындырып, әлемдік аренада топ жарды. Экономикасы, мәдениеті, білімі, медицинасы дамыған мемлекетке айналдық. Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласына өзгелер сүйсініп қарайтын болды.
Тұңғыш Президент -Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясаты мен жұртшылыққа орасан зор пайдасын тигізетін бағдарламалары арқасында ел еңсесін тіктеп келеді. Халқына қалтқысыз қызмет еткен азамат бүгінде әлем таныған тұлғаға айналды.
Айтулы мерекеде барша ордабасылықтарды құттықтай келіп, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, мәнді де мағыналы ғұмыр тілейміз. Еліміз тыныш, егемендігіміз баянды болсын.
