Лайфхактер немесе Life is good
Сәлем!) Көңіл — күйлеріңіз қалай? Шабытым тасып, бүгін осы yvision.kz әлемінде жазуға бұйырып тұр.
Барлығыңызда лайфхак туралы түсініктеріңіз бар шығар. Өзіме ұнаған бірнеше лайфхактерді ұсынсам деген ой бар. Барлығы да тамаша, іс жүзінде тексеріп көрдім. Ендеше, кеттік !)
Бірінші ,
егер жақтырмайтын адамыңыз болса, ол соққанда ойнайтын сүйікті әніңізді қойыңыз. Яғни, сізге ол кісі қоңырау шалып жатқанда, сүйікті әніңізді тыңдап рахаттанасыз. Сол мезетте, оған игнор жасайсыз.
Екінші ,
егер зоопаркке барғалы жатырсаңыздар ұжымыңызбен бірдей түсті киім киіңіздер. Сол кезде жануар сізге жақындаудан қорықпайды және бұрышқа кетіп қалмайды.
Үшінші ,
бұны бәрі білуі мүмкін және керек !) Егер, белгілі бір видоены Ютубтан жүктегіңіз келсе:
www.ssyoutube.com/watch?v=QXAho8vlmAI
Осылай жазсаңыз, тез және сапалы түрде жүктей аласыз.
Төртінші
, емтихан кезінде емтиханға дайындалып жүрген кездегі шайнаған сағызыңызды алыңыз. Дәмі бірдей болуы керек. Яғни, қарбыз дәмді түрін шайнасаңыз соны алған дұрыс. Айтпағым, мидың стимуляциясына әсер етеді.Міне, қызық ия?
Бесінші ,
жуа турап жатырсыз ба? Көзіңізден жас аға ма? Әбден мазаңызға тиді ме? Ендеше, жуа турап жатқанда сағыз шайнаңыз. Әбден көмегі бар!
Алтыншы ,
барлық адамға пайдасы тиіп қалары сөзсіз. Аяқ киіміңізден не сөмкеңізден жағымсыз иіс шығудың алдын алғыңыз келе ме? Ендеше, құрғақ шәй қалташасын аяқ киіміңізге не сөмкеңізге салып қойыңыз. Бүкіл жағымсыз иістерді бойына сіңіріп алады.
Жетінші ,
бұл лайфхак маған майдай жақты !)Бәріміздің басымызда болатын құбылыс. Ыңғайсыз жерде күлкіңізді тыя алмайтын жағдай болуы әбден мүмкін. Дәл сол кезде, тыныс алып және тынысыңызды біраз сәтке ұстай тұрыңыз. Содан кейін күлкіңізді тыя аласыз.
Сегізінші ,
күлкілі лайфхактың бірі.Сіз біреуге айқайлауға тура келсе, демек аргументтеріңіз іске аспағаны.
Тоғызыншы ,
компьютермен жұмыс жасау барысында басқа терезені жауып қойсаңыз. Алаң болмаңыз,
ctrl+shift+t дегенді бассаңыз кері ашылады.
Оныншы ,
аралардан қорқатын жансыз ба? Қасыңызда бола қалса, қимылдамаңыз .Қимылдамасаңыз аралар сізді байқамай қалады.
P/S: Бұл кеңестерді іс жүзінде қолданып қараңыз. Асыға күтемін .Өмірдің жеңілдіктерін пайдалана білейік! Өмір керемет, өмір ғажайып !:)
