Lady's work
Бүгін Жастар бастамаларын дамыту орталығында Павлодар қаласы бойынша алғаш әйелдер қауымы үшін "Lady's work" жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара аналарға, нәзік жандарға үй жағдайындағы істердің жеңілдету үлгілерін көрсетті. Сондай-ақ Анара Мұхаметқалиева және Сәуле Мағауина жиналған ханымдарға бизнес жайлы дәрістерін оқып, түрлі тренингтерін жүргізді. Аяулы нәзік жандар аналық қамқорлық пен сүйікті жұмыстарын бірге алып жүрудің жолдарын меңгерді.

Жәрмеңкеде үш алаңдар жұмыс жасады:
1.Қолөнер жұмыстарымен мастер- класс, «Визажист, салондық мастер», «Өз-өзіңе визажист» және түрлі кондитерлік тәтті тағамдарын безендіру.
2.«Моя история успеха» тақырыбында бизнестің қыр-сырын үйренген ханымдардың дәрісі.
3.Қолөнер бұйымдарының көрмесі.

Мехенди – хнамен сурет салу, боди-арт, фэйс-арт денеге сурет салу масстер-класстарын көрсетіп қоймай тәжірибелерімен бөлісті. «Самал» оңалту орталығың қыздары өздерінің қолөнер шеберліктерімен бөлісті. Ал, тоқыма өнерімен, қолдан жасалатын алқалар әйелдер қауымының бос уақытты өткізуге тиімді әрі пайдалы дүние.

