ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗБЕН КЕЗДЕСУ
2020 жылы 19 желтоқсанда ардагер ұстаз Джумажанова Злиха Искаковна облыстық мəслихат депутаттығына кандидаттар Ешманов К.Ж, Мендыгалиева Л.И. жəне Сыражан Е.М жүздесті.
Кездесудің мақсаты - «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру. Джумажанова Злиха Искаковна, 1942 жылы 3 мамырда туған, Батыс Қазақстан облысының тумасы. Ол орта мектепті 1961 жылы бітірді. Алматы облысы,Шамалған кентінде аға пионер жетекшісі болды. 1963 жылы. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық институтына оқуға түсіп, 1967 жылы бітірді. 1967-1975 жылдары Гурьев облысы,Ембі ауданы,Саркамыс кентіндегі орта мектепте қызмет етті. 1975-1982 жылдары Жаңа-Өзен қаласындағы №1 орта мектепте математика пəніннің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1982 жылдан бастап 2018 жылға дейін No14 орта мектепте математика пəнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
57 жылдық еңбек өтілі - бұл тұтас шежіре. Бұл мектепте математика пəнін тереңдетіп оқыту мақсатында екі сынып ашылып,онда 7 жəне 5 үздік оқушы,18 жəне 15 екпінді оқушы бітірді.Олар Ресейдің Мəскеу, Томск, Ленинград, Краснодар, Астрахань, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Орал жəне т.б. жетекші жоғары оқу орындарын оқып, бітірді. Джумажанова Злиха Искаковна былай деп еске алады: "Біздің мектеп түлектерін еске ала отырып, артқа қарап, таң қаласың, ойланасың жəне өткен жолыңа баға бересің. Өмір деген қызықты сəттерден тұрады. Баланың жан дүниесі ашылған кітап секілді.Оны оқи білу керек,арасында мадақтап,бағалап,керек жерінде жол сілтеп,аналық ақылыңды мейіріммен жеткізе білу керек. Ұстаздың еңбегі Қала, Облыс, Республиқалық грамоталарымен бағаланды. "ҚазКСР Халыққа білім беру үздігі" төсбелгісі, 1991 жылы "Еңбек ардагері" медалі, 1986 жылы, 2011 жылы ҚР Білім Министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Қызықты əңгіме барысында Злиха Искаковна егемен Қазақстанның қалыптасуының барлық негізгі сəттерін айтып, Н.Назарбаевтың басшылығымен оның көзқарасы бойынша: ұлттық валютаның қолданысқа енуі, Семей полигонын жою, Аралды қайта қалпына келтіру, Каспий саммитін өткізу жəне отандастарымыздың тарихи отанына оралуы екенін ерекше атап өтті. Үміткерлермен кездесу барысында өзінің өмірден алған тəжірибесімен ақыл кеңестермен бөлісті.Отан алдындағы өзімнің патриоттық парызымды өтей отырып, халықты сайлауға қатысуға, "Nur Otan"партиясына дауыс беруге шақырды.
