Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ: БІРІНШІ ЖӘНЕ ҮЗДІК

Сондай-ақ жастардың күн сайын күрделене түсетін әмбебеп білімді меңгеруінде маңызы ерекше. Жаһандық ғылым-білімнің дамуында күллі әлемнің әйгілі білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты дамытуды көздеген, әлімдік білім беру рейтингінде көптеген мемлекеттердің жоғары оқу орындарын сапасы жағынан көш ілгері келе жатқан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түп мақсатын айқындайтын әрі оны жүзеге асыратын 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес, білім орнының оқу үдерісі, сондай-ақ оқу бағдарламалары толықтай өзгеріске енді.

Жыл сайын бауырындағы білімге құштар студенттерге халықаралық стандарттарға сәйкес білім беретін, жастардың заманға сай жан-жақты жетілген маман тұлғасын қалыптастыру мақсатында ҚазҰУ-да білім беру жүйесіне инновациялық серпіліс жасалынды.Білікті, игерген дағдыларын бұрынғыдай дәстүрлі түрдежеткізетін емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды тиімді пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, өзгермелі әлем жағдайында үздіксіз дамитынмықты мамандарды даярлау оқу орнында басым мәнге ие.

Әлемдік экономиканың интеграциялық үрдістеріндегі жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде білім сапасы аса маңызды рөл атқарады. Осыны қолға алған университет басшылығы «классикалық университеттен зерттеу университетіне көшу» жобасында білім-ғылымды, инновациялық өндіріс пен бизнесті кіріктіру және магистратура мен докторантурада PhD білім алушылардың санын арттыруды көздеп отыр. Бұған дәлел ретінде Қазақ ұлттық Университетінің Қазақстан Республикасы бойынша магистранттар мен докторанттар даярлауда саны және сапасы жағынан көшбасшы екенін айтуға болады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті классикалық университет ретінде — ғылыми жетістіктер мен тәжірибелердің жаңаша орталығы саналады, кәсіби бәсекелестікке қабілетті, ұлттық және адамгершілік негізінде тұлғаны қалыптастыру үшін мүмкіндіктерді молынанкеңейте түседі. Университеттің басты мақсаты да сол, яғни білім алушылардың кәсіби білім алуына, өз мамандығын мықты деңгейде меңгерген мамандарды қалыптастыруда барлық жағдайды жасау. 2010 жылдан бастап университет республика бойынша эксперименттік білім беру бағдарламасын көлемді түрде енгізуге мүмкіндік алды, бұның өзі университеттің әлемдік деңгейде білім беру қызметтерін қамтамасыз етеді.

Тарихи тұғыры берік қалаған университет жаңа өзгерістермен, сан түрлі саладағы жетістіктерімен, оқытушы-профессорлардың жастардың білікті маман болып қалыптасуында берген дұрыс бағыт-бағдары және жемісті нәтижелерімен жыл сайын жасара түседі. Университет ректоры Ғ.Мұтановтың басшылығында жүзеге асырылған көптеген игі шаралар, атқарылған қыруар қарқынды жұмыстар іс жүзінде дұрыс бастама жасалып, жоғары нәтижеге жетудің негізгі көрсеткіші ретінде айқындалуда.

Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында көшбасшы университет деңгейіне жеткен Қазақ Ұлттық Университеті бүгінгі таңда дүние жүзілік білім беру жүйесіндегі ең үздік университеттердің бірі ретінде мойындалғанын әлемнің 25 мемлекетіндегі 400-ден астам ірі университеттермен жылдар бойы жемісті әріптестік жібін үзбей жалғастырып келе жатқанынан көруге болады. Білім және ғылым саласында іс жүргізетін әйгілі шетелдік кәсіпорындармен 340 келісімшарт жасалған. Мұның өзі университет беделінің берік нығая түскенін көрсетеді. Бұдан тыс ерекше атап өтерлік жайт, 20-ға жуық келісімшарт Консорциумдар, Клубтар, Ассоциациялар негізінде жасалынған. Әрине, университет үшін аталған жетістіктер жеткілікті емес, оның әлемдік білім беру рейтингіндегі беделін биіктете түсу — көзі ашық, ойы озық, болашақты бағдарлай білетін білімді студенттердің міндеті.

Университеттің зәулім ғимараттарында берілетін білім сапасы өте жоғары, теория мен практиканы қатар меңгеретін студенттердің үлгерімі де, ұмтылысы да, қызығушылықтары мен жетістіктері де кісіні қуантады. Жалпы жер көлемі – 100 гектарға жуық аймақты қамтиды. Осы аймаққа салынған нысандардың әсемдігімен қатар сапасына да, жаныңа жылу беретін жарық шашқан сәулесіне де көңілің тояттанғандай. Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығының айғағы ретінде бой тіктеген ҚазҰУ-дың мәрмар түстес әппақ қақпасы да көрген адамның жүзіне шырайлы шаттық үйіріп, жүрегінің түбінде жылтырға әуес немесе қызығушылық қана емес, университеттің беделінің мығым екенін дәлелдейтін берік қақпа жөнінде мақтаныш рухы мен жігер отын тұтанқандай ерекше әсер етеді.

Университет теңгеріміндегі 15 оқу ғимараты, 16 студенттер жатақханасы, Ө.А.Джолдасбеков атындағы студенттер сарайы, асыл қазынаға толы ғылыми кітапхана, Тамақтану комбинаты мен Интернет орталығы студенттердің терең білім мен рухани азық алу үшін қолайластырылған. Оқу орнында әлемдік деңгейдегі спорт жарыстарында жүлдені жібермейтін талантты спортшыларды баптайтын спорткомплекс мен спорт алаңы жоғары талаптарға жауап сай жүргізілетін спорт жаттығулары үйретіледі.«Спорттық–сауықтыру кешені» университет қызметкерлері мен студенттерін денсаулығын жақсартумен айналысуды, әртүрлі деңгей мен рангтегі спорттың 22 түрінен жарыстар өткізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, осы жылғы Рио-де Жанейро қаласында өткен олимпадасында жүзу бойынша олимпиада чемпионы атанған Д.Баландиннің атындағы спорттық-сауықтыру кешенінде жаңа 25-метрлік жүзу қауызы (көлемі 25х16 м) пайдалануға берілді. Қауыздың тереңдігі 1,88 м.-ден 1,92 м.-ге дейін, сыйымдылығы 745 м3, бірмезетте 60 адамды қабылдай алады. Спорттық дәстүрлердіжарыста олимпиада чемпиондарының жолын қуатын, жүлде бермейтінҚазҰУ-дың спортшы жастары жалғасып келеді. Осы жылдары студенттер Олимпиадалық ойындарда, Әлем чемпионаттарында, Әлемдік Универсиадалар мен Азия және Еуропа чемпионаттарында ел намысын абыройлы қорғап келеді. Спорттық аренада дәстүрлі жарыстар ретінде университеттік спорттық клубтар өткізетін Ректор кубогы, Қазақстан Республикасының универсиадасы, факультет аралық спартакиада, Бірінші курстар күні және т.б жарыстарды тұрақты өткізіледі.

«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Ыстық-Көл көлдегі Спорттық-сауықтыру лагері және Жаңаталап ауылындағы Агробиостанция — мұның барлығы студенттерді ғылым мен білімге терең бойлаған, рухани әрі физиологиялық салауатты тұлға ретінде қалыптастыру сынды игі мақсатты жүзеге асыру пайдалануға тапсырылған.«Аl-Farabi university smart city» «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы – оқу-ағартушылық, медициналық, заңгерлік, қаржылық және мәдени көңіл-көтеру қызметтерін бір терезе қағидасы бойынша ұсынушы студенттерге арналған жастардың ресурсты орталығы.

Талантты жастарды талаптандыратын, олардың бойындағы жігер-күші мен қажыр-қайратын сан қырынан аша түсетін киелі оқу орнының ғылыми жетістіктері көлемді ғылыми еңбек жазуға тұрарлықтай. Атап айтар болсақ, 2010-2014 оқу жылында“Scopus” мәліметтер базасындағы, сондай-ақ “Web of Science” мәліметтер базасындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы Қазақстандық жарияланымдар санына қосқан үлесі 14 пайызды құрағанын көрсетеді. “Thomson Reuters” және “Scopus” халықаралық базаларына енетін журналдардағы Қазақстандық әрбір жеті мақаланың бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғалымдарының еңбегі.

Университеттің даму стратегиясына сәйкес, атқаратын миссиясы — кадрлер потенциалын құру, отандық және шетелдік жұмыс нарығында бәсекелестікке қабілетті жоғары білікті мамандар дайындауды көздейді. Қазақ ұлттық университетінің болашағы — Әлемнің ТОП-200 жетекші ғылыми-зерттеу университеттерінің құрамына ену. Мақсат-міндеті де айқын, ол — классикалық ұлттық университеттен әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу.

Университет жетістіктері әрбір студенттің мақтанышы. Көп жылдық тарихты қамтитын университет жетістігін бір ауыз сөзбен жеткізу қиын. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТМД университеттері арасында үшінші орында, QS рейтингісі бойынша соңғы екі жылда әлемдегі үздік топ университеттер қатарында, Қазақстан университеттер арасындағы ең үздік университет болып саналады. Университеттің QS рейтингісіндегі позициясы – 220 орын.

Болон үдерісінің негiзгi қағидаларына бейiмделуге толық рұқсат беретін және еуропалық ЖОО академиялық саясатының стандарттарына сай Евроодақтың ERASMUS+ бағдарламасы бойынша Университет Қазақстан Республикасында көшбасшы болып келеді және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 10ға жуйық жобаға координатор. UNIFORM Project Халықаралық консорциум негізінде Токио университетімен бірігіп Қазақстан тарихында бірінші рет сирек кездесетін жоба отандық Наноспутникті әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл әзірлеме басқа да жобалар сияқты ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстырылмақ. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аясында «Алатау» ИТП-ның үшінші кезеңі әзірленбек. Бұл ғылыми-білім беру және инновациялық кластердің құрылуы ұлттық инновациялық жүйенің негізгі «даму нүктесі» болып табылады.

Бақытжан Рахат, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, оқытушы

Бақытгүл Болосханқызы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, оқытушы

Мөлдір Кантаева, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, оқытушы

0
0
1092

Еще по теме

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ: БІРІНШІ ЖӘНЕ ҮЗДІК - Yvision.kz