квитанции
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жемқорлыққа қарсы сауаттандыру мақсатында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бастамасымен БҚО энергетика және тұрғын үй-коммунальдық шаруашылық басқармасының қолдауымен мамыр айында Батыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін «ӘДІЛДІК ӘР ҮЙГЕ» акциясы өткізілді.
Коммуналды қызмет көрсету жеткізушілері сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызметшілердің этиканы бұзу фактілері туралы қайда хабарласуға болатындығы жөнінде және «Жемқорлықпен күрес – азаматтық борыш» деп көрсетілген шот-хабарламалар шығарды.
«Жайықжылуқуат» АҚ, «Батыс су арнасы» АҚ, «Батысэнерго ресурсы» АҚ барлығы 8000 астам дана түбіртек таратты.
