Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КРУГЛООЗЕРНОЕ КЕНТІНЕ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІН САЛУ ЖОСПАРДА

"AMANAT" саяси ұйымының сайлауалды партиялық тізімі бойынша Парламенттің Мәжіліс депутаттығына БҚО-дан ұсынылған кандидат Снежанна Имашева және облыстық мәслихатқа үміткер Нұрлан Серғалиев және штаб өкілі Бауыржан Мұхамбетжанов Круглоозерное кентінің тұрғындарымен кездесті. Жұртшылық кандидаттарға қоғамдық мәселелер жөнінде уәжін жеткізді. Соның ішінде алдымен кентке мәдениет үйін салу ұсынылды. Сонымен қатар медициналық қызмет сапасын жақсарту, жас мамандарды ынталандыру керектігі айтылды. Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасы аясында облыс бойынша білім беру, медицина, мәдениет және спорт нысандарын көбейтіп, қызметтер сапасын оңтайландыру жоспарланғанын айтты. Круглоозерное кентіне мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде мәдениет үйі салынады. Штаб өкілдері бұл жұмыстарды бірлесе жүзеге асыру үшін тұрғындарды сайлауда "АМАNАТ" партиясына дауыс беруге шақырды. #AMANAT2023 #ДауысберAmanat2023 #ГолосуйЗаAmanat2023

0
0
155

Еще по теме

КРУГЛООЗЕРНОЕ КЕНТІНЕ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІН САЛУ ЖОСПАРДА - Yvision.kz