«Красногор» БПҰ есеп беру-сайлау жиналысы
Бүгін «Красногор» бастауыш партия ұйымының төрағасы Жумагазиев Аманжол Бауыржанұлының онлайн форматта есеп беру жиналысы өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Красногор» БПҰ –ның төрағасы А.Б.Жумагазиев сөз сөйлеп : БПҰ –ның 2019- 2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, алдағы уақытта атқарылатын міндеттерге тоқталып өтті.
Екінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалының бірінші орынбасары Рухолла Аманғалиұлы Саматов сөз сөйледі.
Үшінші мәселе бойынша Жаңақала аудандық филиалының конференциясына партия мүшелерінің бір ауыздан қолдауымен партия мүшелері Нұржан Серікбайұлы Бердіғалиев пен Бекболат Хафизұлы Жагипаров сайланды.
