Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
399 760 постов20 подписчиков
Всяко-разно
0
08:17, 27 августа 2012

КОЗЛОВТЫ «КИНУЛИ!»

Баяғыда бір қу түлкі болыпты. Өзі мекен ететін ормандағы аңдар арасында түк беделі болмаған ол қандай жолмен болса да орманда патшалық құруға бел буады.

Күндіз де, түнде де осы оймен жүрген оның есіне бірде мұхит артындағы шалшықта өмір сүріп жатқан қорқау қасқыр түседі. Осылайша онымен одақ құрмақ ниетте болған ол қорқауға келіп, бар ойымен бөліседі. Тегін орман тұрғанда мұхит асып, шалшықта жүрген неткен қорқау деп отырған боларсыз? Бұл қорқау кезінде сол орманның «кареной» тұрғындарының бірі болған. Кейін ол бүкіл орман халқы болып алдағы қысқа жинаған азық-түлікті қымқырып қашып кетеді де, аңдардың қаһарынан қорқып, мұхит асып, ақыры осы шалшықты мекендейді. Ендігі оның мақсаты бар кінәні орман патшасы арыстанға артып қойып, қандай жолмен болса да орманға оралу еді. Мына түлкінің идеясын қуана қабылдаған ол енді мұхиттың арғы жағынан тұрақты түрде әлгі түлкі арқылы тропикалық жемістер, өзге де азық түрлерін жолдай бастайды. Азықтың көп бөлігін әуелі өзіне қалдырып, қалғанын ормандағыларға тарата бастаған қу түлкі енді қорқау қасқырды кінәсіз етіп көрсетуге тырысып, аң патшасы арыстанның қоймадағы азықты қалай өз сарайына тасытып алғаны туралы түрлі оқиғалар ойлап таба бастайды. Алғашында оның әңгімесіне аса мән бермеген аңдар арасында кейін сөзге ерушілер пайда болып, жағдай ушыға бастайды. Өтіріктің құйрығы бір келте емес пе? Кейін қу түлкі зынданға түседі. «Қорықпа, дарға асып жатса да құтқарып қаламын» деп уәдені үйіп-төккен қорқау түлкінің жағдайын естіп, миығынан күліп жөніне кетіпті.
Бұл әрине қазақ ауыз әдебиеті қорындағы ертегілерден алынған озық үлгі емес. Бұл - арам ақшаға малданып, «халықты арандатып, қан-жынға бөктіру арқылы елді төңкеріп тастауға болады» деген оймен саясат сахнасына сайқалдық жолмен келген тіркелмеген «Алға» партиясының төрағасы Владимир Козловтың соты кезінде қалыптасқан картинадан шыққан біздің ертегіміз. Түлкіміз Козлов та, қорқау қасқырымыз БТА-ға барын сеніп тапсырған қарапайым халықты тышқақ лақсыз қалдырған қашқын банкир Әблязов. Осы Әблязовты «саясат құрбаны» ретінде көрсетіп, Козловты халық батыры қылуға тырысып жүрген арам ақшаға сатылған «тұлғалардың», «ақпарат құралдарының» өттері жарылып кетсе де айтайын, қазақтың проблемасы қазақтан басқаға керек емес. Соның ішінде қарапайым қазақты соқыр тиынына дейін беті бүлк етпестен тонап кеткен ұрыға! Кеңестік Одақты аңсап, Ресейіне қарап ұлып отыратын Козловқа! Оларға қазағыңның құны көк тиын! Бірақ, сіздерді де түсінеміз. Арам ақшаларыңызды «отработать» етудесіздер ғой.
Енді міне қараңыз, тамаша парадокс! Әблязов үшін қазір Козловтың қоңыз құрлы қадірі қалмады. Осы уақытқа дейін от көсеп келген көсеуі балқи бастап еді, қоқыс түбіне лақтырды да тастады! Болды! Әйтпесе дейміз ау, соты бүгін емес, кеше емес, өткен аптада басталған Козловтың жақтастары қайда? Соттың алғашқы күні сценарий бойынша төбе көрсеткендерді жер жұтып кеткен бе? Ақша төлеп кіретін клуб емес, ашық сот қой болып жатқан! Ендеше қарсылық акциялары, митингілер, пикеттер қайда? «Алғалықтар» неге жағдайды жіті бақылап, баспасөз конференциясын өткізіп отырмайды? Әлде шеттен армансыз төгіліп келген тегін арам ақша сап тиылған соң, елдегі белсенділер үшін де «бас бухгалтердің» тағдыры көк тиын болған ба? Қазіргі жағдайға, тоқсан пайызға бос тұрған сот залына қарап отырып бұларың «өлсең, өрем қап!» деп отырғандай екен дейміз еріксіз. Расымен, қолдаушылар, жақтаушылар қайда кеткен? «Шайтанмен болса да шарттасуға бармын!» деп ұрандатушы шайтаншыл Болат Атабаев, айқайшыл Жанболат Мамай қайда? Қызық...
Қазақ тарихында қанмен жазылып қалған өткен жылғы желтоқан оқиғасына алып келген ереуілде мұнайшылар алғашында қарапайым талаптарының орындалуын ғана қалады. Аңқау елге арамза молда болып, сол кезде Козлов табыла кетті араларында. Қан төгу арқылы билікке жетуді көксеген ол ереуілдеушілерді түрлі жолмен адастырып, өз мақсатына керегінше пайдаланды да, кейін қайғылы оқиға болған кезде оларды лақтырып, жөніне кетті. «Маңғыт, аузыңа саңғыт!» Қанды тапсырманы мүлт кетірген құйыршығына ашулы Әблязов та қазір осыны істеп кетті. Енді ол өтірік сөздермен өзін ақтап алуға жанын салып жатқан жалғыз, яғни Козлов түрменің түбінде шіріп өлсе де, «обал бопты» демейді. Түрмесімен бірге өртеніп кетсе де, баукеспе банкиріңе қазір бәрі-бір! Иә, арам ақшаға сеніп, біреуге ор қазудың финалдық шешімі қазір осы боп тұр...

http://arhar.kz/news/361.php

0
411
0

Загрузка...