Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТІП, ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ.

Бүгін онлайн режимде “Nur Otan” партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІІ конференциясы өтті. Конференцияға 3 тамыз күні бастауыш партия ұйымдарының жиналыстарында ұсынылған делегаттар қатысты. Олардың ішінде, партия ардагерлері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымы төрағалары, партия белсенділері бар. Сондай-ақ, конференция аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференцияның күн тәртібіне келесідей мәселелер қаралды:

1. «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасын сайлау туралы.

2. «Nur Otan» партиясының Бөкей ордасы аудандық филиалы Саяси Кеңесінің құрамына өзгеріс енгізу туралы.

Күн тәртібіне сай, бірінші мәселе бойынша "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасына аудан әкімі Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлының кандидатурасын ұсынылып, делегаттар тарапынан толық қолдау тапты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сайланған филиал төрағасы аудандық партия филиалының Саяис кеңес құрамына Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы делегаттардың бірауыздан қолдауымен сайланды.

Конференция қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.

0
0
151

Еще по теме

КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТІП, ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ. - Yvision.kz