kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

конференция

А.ж. 3 сәуірінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Академиялық адалдық және «таза» сессия - жоғары білім жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеуді қалыптастырудың негізгі факторлары» тақырыбында конференция өткізді.

Спикерлер Астана қаласының жетекшілік еткен жоғары оқу орындарының профессорлары болды: «Қаржы академиясы» АҚ ( э.ғ.д. «Қаржы» кафедрасының профессоры – Күлшария Шаяхметова, э.ғ.д. «Экономика және менеджмент» кафедрасының доценті – Манатжан Тлеужанова) және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ университеті (э.ғ.к. «Экономика» кафедрасының доценті – Нұргүл Есмағұлова)

Конференция барысында, ЖОО – ның өкілдері академиялық адалдық принциптерін енгізу арқылы сыбайлас жемқорлықты жоюға, адал және  шынайы болуға мысалдар келтіріп өтті.

Сонымен қатар, қатысушылар білім беру саласындағы академиялық адалдық принциптерін іске асыру үшін өзекті мәселелері мен келешегінің рөлін талқылады.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қуатты құрал ретінде барлық қоғамды жемқорлыққа қарсы қалыптастыру мақсатында университет қоғамдастықтарын біріктіруді күшейту қажеттігін атап өтті.