Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

14 мамыр күні аудандық мәслихаттың «Бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту мәселелері» және «Білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті.

Комиссия отырысының күн тәртібінде Казталов аудандық экономика және қаржы бөлімінің және Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептері және Казталов ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасының орындалуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Жанар Сүндетованың, Казталов аудандық «Айбын» спорт клубының жұмысы туралы аудандық «Айбын» спорт клубының директоры Берік Рахымғалиевтің және «Казталов ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы Казталов ауданы әкімі аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Жұлдыз Жүсіпованың хабарламалары тыңдалды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Еще по теме

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ - Yvision.kz