Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

9 сәуір күні аудандық мәслихаттың "Бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту мәселелері" және "Білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері" жөніндегі тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті.

Комиссияның күн тәртібінде "Батыс Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 28-2 шешімін орындау мәселесі бойынша Казталов аудандық ветеринариялық станциясының директоры Талғат Есполов, Казталов ауылдық округінің әкімі Арман Ғалымов, Бірік ауылдық округінің әкімі Жігер Жакиев хабарлама жасап, комиссия мүшелерінің талқылауына салынды.

Бүгінгі таңда шешімді орындау үшін ветеринар мамандар, ауылдық округ әкімдіктерідің мамандарымен және полиция инспекторларымен бірлесе қимылдап, түсінік жұмыстарын жүргізуде. Әсіресе, аудан аумағындағы барлық иттер мен мысықтардың санын анықтап, иесіз, қаңғыбас иттерді залалсыздандыру жұмыстары қолға алынса, ал иелері бар үй жануарларын иесінің төлемі есебінен сәйкестендіру микрочипін енгізу, таңба салу жүруде. Иттер мен мысықтардан келетін қауіпті ескеретін болсақ, былтырғы жылы 63 аудан тұрғыны ит пен мысықтан жарақат алса, биылғы үш ай ішінде 14 тұрғын зиян шеккен. Сондықтан ауыл тұрғындары түсіністік танытып, бейімдеу жұмыстарына ат салысса дейді мамандар.

Сонымен бірге комиссияда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының 2020 жылғы 13 мамырдағы №2-1 "Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы №285-V "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының ауданда орындалуы туралы" қаулысының орындалу барысы жөнінде аудандық ішкі саясат бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Аңсар Ибраевтың хабарламасы тыңдалды.

Отырыс соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша барлық жәйттер ескеріліп, ұсныс-пікірлер тыңдалып тиісті қаулылар шығарылды.

0
0
243

Еще по теме

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ - Yvision.kz