КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ
30 наурыз күні аудандық мәслихаттың "Бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту мәселелері" жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтты.
Отырысқа қатысқан комиссия мүшелері - депутаттар алдында Казталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №57-2 «2021-2023 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жәнеКазталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Казталов ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанболат Темірғалиев хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
