КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ.
«Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы колледжінде. Елбасы, партия лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Елдіктің жеті тірегі» қағидаттарын түсіндіру негізінде «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы жанындағы ақпараттық түсіндіру тобымен кездесу өтті.
Кездесуге «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы фракциясынан аудандық мәслихат депутаттары Л.Қайырғалиева, И.Құрмашев, Б.Джумагулова бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысты.
23 қарашада өткен кеңейтілген Саяси кеңесте Елбасы өзінің жас ұрпаққа арналған тәуелсіздіктің 7 тұғыры жөніндегі бағдарламасын ұсынды. Әрбір тұғырдың өзі еліміздің рухани дамуының, қазақ социумын әрі қарай дамытудың үлкен бағыты деп айтуға толық негіз бар.
Кездесу барысында Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутатары ел үшін маңызды саяси шешім – Партия Көшбасшылығын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсыру мәселесіне тоқталды. Сондай-ақ, Елбасы, Н.Назарбаевтың жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын таныстырды.
Сонымен қатар, Партияның Бөкей ордасы ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалуына тоқталып өтті.
Кездесу соңында қатысушылар өз ойларын білдіріп, сұрақтарын да қойды.
