Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫ САЙЛАУДЫ ТОЛЫҚ ҚОЛДАЙДЫ

Кездесуде «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасы насихатталды.

Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында «Әділетті Қазақстанда білім құндылығы бірінші орында тұрады. Біз бала тәрбиесіне баса мән береміз. Дарынды, білімді және отаншыл жастар көп болған сайын, халықтың әл-ауқаты да жақсара түседі» - делінген. Осы мақсатта оқу-ағарту саласындағы теңсіздікті жою үшін нақты шаралар қабылданатыны туралы штаб мүшесі Т.Әміралиев тоқталып өтті.

Кездесу барысында ұстаздар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды. Атап айтқанда, колледждің 1 курс студенттеріне практикалық сағаттарды көбейту, әлеуметтік азық түлік бағасын көтермеу бойынша мемлекет тарапынан қолдау болса деген өтініштерін білдірді.

Штаб мүшелері тарапынан сұрақтарға жауап беріліп, жиналысқа қатысушыларды еліміздің болашағы үшін алдағы сайлауда белсенділік танытып, дауыс беруге шақырды.

#Toqaev202

Еще по теме

КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫ САЙЛАУДЫ ТОЛЫҚ ҚОЛДАЙДЫ - Yvision.kz