Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Колледж

Колледж (ағылш. college) – жоғары немесе арнаулы орта білім беретін оқу орны.Білім беру деңгейіне қарай дүние жүзінде колледждің 3 түрі бар:

1) жоғары білім беретін колледж (университеттердің бөлігі мен автономды жоолар);

2) орта және жоғары оқу орындарының аралығындағы колледж;

3) жоғары сыныпқа сәйкес келетін орта білім беретін колледж.

Колледждер көбінесе, музыка, бейнелеу, би өнерлерімен байланысты ашылады. Колледж факультет ретінде университет құрамына кіреді, немесе жоғары оқу орындары сияқты дербес болады. Бұл типтес колледждердің негізі алғаш рет 13 ғасырдағы Англияда (Оксфордта 1249 ж., Кембриджде 1284 ж.) қаланды. Колледж ғылыми оқу орны ретінде 1523 ж. Лондонда ашылды. Англиядағы ерекше пұрсатты орта мектептер де колледж деп аталады. Қазір Қазақстанда экономика, құқық, бизнес, музыкалық, педагогикалық колледждері бар. Олардың кейбіреулері арнаулы мамандық беретін дербес орта оқу орны болып есептелсе, ал кейбіреулері жоғары оқу орындарының (университеттер мен академиялардың) құрамдас бөлігі болып саналады. Оны үздік бітірген түлектер жоғары оқу орындарына сынақсыз алынады. Колледждерде оқу ақылы түрде жүргізіледі.

0
0
174

Еще по теме