ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
Жаңаөзен қаласындағы “NurOtan” партия филиалының ғимаратында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен қалалық мәслихатқа үміткер депутаттар Исаева Айсұлу және Болатбаева Тлектес кездесу өткізді.
Біздің елімізде қоғамдық мәселелерді шешу мақсатында жеке азаматтар немесе заңды тұлғалар арасынан құрылған әлеуметтік топтар бар. Бұл топтар ҚР заңнамасында үкіметтік емес ұйым деп аталады.
Азаматтық бастамаларды жүзеге асырып келе жатқан ұйымдағы жандар қоғамдағы барлық проблемаға бей-жай қарамайды. Үкіметтік емес ұйымдардың мақсаты: белгілі бір қоғамдық пайдалы мәселелерді шешу мақсатында және өз идеяларын жүзеге асыру үшін құрылады.
Кездесу барсында үкіметтік емес ұйым басшылары 2020 жылы жасаған жұмыстары мен 2021 жылға арналған жоспарлары туралы айта кетілді. Қала бойынша үкіметтік емес ұйымдар арқылы да халықты жұмыспен қамтуға болатыны туралы ортақ қызығушылықты артыруға болатынын айта кетті.
Жиын соңында кандидаттар үкіметтік емес ұйымдардың басшыларын алда келе жатқан сайлаудағасы “NurOtan” партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп және де дауыс беруге шақырады.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетейік!
